Сайт создан 25 сентября 2012 года

Аквапарктар. Аквапарктар тарихы. Аквапарк түрлері

Әдетте барлық аквапарктар негізгі үш зонаға бөлінеді: ересектер үшін, жасөспірімдер және кішкентай балалар үшін. Ересек зонада ең төтенше төбешіктер түрлері орналасқан, қауіпсіздік үшін оларды пайдалану балаларға тыйым салынған.

Жасөспірімдерге арналған зонада орташа көлемді төбешіктер орналасқан ересектер онда бара алмайды.

Кішкентай балаларға арналған зона ойынға арналған нағыз су алаңы. Қазіргі уақытта аквапарктар өте мәлімді. Әлемде аквапарктар саны бірнеше мың. Олардың ішінде табыссыз жобалар жоқ деп айтуға болады. Америка - аквапарктар саны бойынша көшбасшы болып табылады. Қазір онда олардың саны мыңнан асады. Олардың инфрақұрылымы дамыған және өзінің иелеріне үлкен табыс әкеледі.

«Аквапарктардың әлемдік астанасы » деп, еш күмәнсіз, Висконсин Деллз американдық қаласын айтуға болады. Онда жабық ғимаратта 18 аквапарк орналасқан. Осында басқа да АҚШ -тың ірі Noah’s Ark (Ной кемесі) және Kalahari Resort ( Калахари курорты ) аквапарктары орналасқан.

«Ocean Dome» әлемде ең ірі аквапарк борлып сналады. Ол Сигайе деген жапон қаласында орналасқан. Бұл аквапарк қазіргі инженер ойының тамашасы болып табылады.

Біздің елімізде де осы ойын -сауықтың жаңа түрі кеңінен таралып ажатыр.

Аквапарктар тарихы

Әлемдегі бірінші аквапарктар өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Американың тропикалық курорттарында пайда болды. Содан кейін оларды Азияда да сала бастады. Бұл көп санды су төбешіктері бар ашық демалыс зоналары болды. Олар ашық су қоймалары жағасында орналасты.

Мұндай ерекше қондырғылар бірінші келушілерге бірден ұнады.Одан әрі бұл өте тиімді бизнес болды. Орташа көлемді аквапарк құрылысы 1,5 – 2 миллион долларға тартады. Суға шомылатын мерзімнің орташа ұзақтығы небәрі төрт айды құрайды. Бірақ мұндай құрылыс бір жарым -екі жыл ішінде өзін толық ақтап шығады. Мұндай тиімділік өте жоғары болып есептеледі. Осы себептен өткен ғасырдың 80-ші жылдар аяғында 90-шы жылдар басында аквапарктарды солтүстік ендіктерде де салына бастады. Олар бассейндер жүйесі, су сауықтары бар ғимарат болып табылады. Осылай олардың таралуы барлық ғаламшарда басталды.

Біздің елімізде үлкен емес бірінші жабық аквапарк Владивостокта пайда болды. Ол 1980-ші жылдардың соңында пайда болды. Бұл аквапарктың ерекшелігі оны жасаушылар ашық аквапаркты жабық ғимаратқа көшірді. Бұл оның сәулет тұрпатына және аттракциондар ассортиментіне кері әсер етті. Бірақ сол уақытта бұл Ресейде онжылдықтар бойына жалғыз аквапарк болып табылды. Бұл оның әйгілілігіне себеп болды.

Өткен ғасырдың ортасындағы 90-шы жылдарында Кавказдың Қара теңіз жағалауында ашық аквапарктар салынды. Бірінші олар Туапсе мен Сочиде, сосын в Геленджикте және басқа қалаларда пайда болды.

Еуропа елдерінде аквапарктар бұрыннан бері салуауатты өмір салтының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Олар халықтың сүйіспеншілігіне айналып отыр.

Ресейде аквапарктар мәдениеті кішкене кешігіп қалыптасып отыр. Әрине, аквапарктардың көптен көп бөлігі Мәскеу мен Питерде орналасқан. Олардың шегінен үш ірі аквапаркты зоналарды бөліп шығаруға болады: Ресей оңтүстігі, Поволжье және Орал.

Аквапарк түрлері

Аквапарктар ашық және жабық типті болады. Ашық аквапарктар жиі курортты қалалар мен поселкелер жағажайында салынады. Олар қызықсыз жағажай демалысына тамаша балама болып табылады. Қазір әртүрлі ашық аквапарктар кез келген әлемдік курортта кездеседі. Бұл көп құрамды су қондырғылары бар орасан үлкен су кешендері немесе ірі отельдегі жай үлкен емес жеке меншік аквапарктар болуы мүмкін.

Олар тек қана жазғы уақытта жұмыс істейді. Олардың кемшілігі салқын және жауынды ауа райында қолдануға болмайтындығы. Одан басқа ондай аквапаркта күн өтіп кету немесе күйіп кету мүмкін, өйткені келушілер күн көзі астында көп уақыт өткізеді.

Жабық аквапарктар негізінен үлкен мегаполистарда пайда болады. Олардың артықшылығы келушілерге жыл бойы ашық. Ондай аквапарктарда микроклимат және су температурасы ылғи да жайлы. Онда ауа райы бүлінеді немесе дене күйеді деп қорықпауға болады.

Ашық типті аквапарктың аумағы өте үлкен. Жабық типті аквапарктың аумағы аз болғанмен,толық мәнді демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған. Онда монша мен сауналар, солярий, массаж және спа-кабинеттері болады.

Аквапаркқа барудың медициналық аспектілері

Аквапаркқа барғанда медициналық аспектіні де есепке алу керек. Бұл бірден қарағанда залалсыз іс емес. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған адамдар зардап шегулері де мүмкін. Пластмассадан жасалған төбешіктердің жіктері нашар дәнекерленгенінен де механикалық жарақат алуға болады. Осындай жағадайлар туралы мәліметті ақпараттық құралдарада кезедстіруге болады.

Ал қазіргі аквапарктарда ауру жұқтырамын деп қорқудың керегі жоқ. Басқаларына жұқтырмау үшін акваркқа тері ауруларымен ауыратын адамдарға баруға болмайды.

Аквапаркқа жүкті әйелдерге және жүрек тамыры ауыратын адамдарға баруға болмайды. Бұл еңістен түскен уақытта жүрек ұстамасы қаупімен және денеге түсетін ауырлықпен байланысты.

Верещагина Софья

InFlora.ru әйелдер журналы үшін