Сайт создан 25 сентября 2012 года

Аквапарктар туралы қызықты фактілер

Қазақстанда қазіргі кезде аквапарктар саны көп емес, сондықтан Петропавл тұрғындарына біз дайындаған аквапарк тарихынан фактілермен танысу қызық болады деп ойлаймыз.

Оңтүстік Америка аумағында бірінші аквапарк Бразилияда 1989 жылы Форталеза жанында салынған. Ең алғашында ол жағажай мен 3 төбешіктен тұрды. Қазіргі уақытта Fortaleza Beach 180 000 м2 тұратын ойын -сауық кешені. Әлемдегі ең биік су төбешігі осында орналасқан, оның биіктігі 41 метрге тең. «Инсано» төбешігінен 105 км/с жылдамдығында 4-5 сек мерзімінде түсуге болады. Ол өзінің орынды орнын Гиннестің рекордтар кітабында алды.

Багама аралындағы Парадайзда орналасқан Aquaventure ең қымбат аквапарк болып табылады. Парк Atlantis Paradise Island тамаша курорт кешенінің құрамына кіреді. Аквапарктың әрленуі майя тайпасы мен Атлантида тақырыбына негізделген. Бірнеше төбешіктерден тұратын «Храм Майя» аттракционы түсетін жерде су асты үңгірінде жүзіп жүрген акулалары бар су айдынын ұсынады. Өткір әсерлерге әуесқойлар 18-метр биіктіктігінен 2 секунд ішінде ұшып түсетін «Прыжок веры» төбешігін бағалай алады. Одан басқа буырқанды, ұзындығы 1,5-шақырымды маршрутты, үңгірлері, ну тоғайлары бар өзенде жүзуге болады. 11 бассейн біреуінің жанында демалуға болады.

Ең солтүстік жақта орналасқан аквапарктардың ішіндегісі Швецияда Буден қаласында орналасқан, оның аты да өзіне келісті NordPoolen немесе «солтүстік бассейн». Бассейндердің біреуі ашық аспан астында орналасқан және суы жылытылады. Демалыстың негізгі идеясы – бұл демалу, сондықтан бұл жерден әртүрлі массаж кабинеттерін, сауна және джакузи табуға болады. Бұл жерде де су төбешіктері бар, бірақ олар үңгірлерде өтеді және ғимарат шегінен шығарылған.

Ең ұзын су төбешігі «Мастер Бластер» деп аталады, ол Блэкпул деген ағылшын қалашығында орналасқан. Оның ұзындығы 250 м. Басында ол әлемдегі еңісі ғана емес, өрі де бар бірінші төбешік болды. P>

Келушілер саны бойынша бірінші орында Лейк Буэна Виста деген американ қалашығында орналасқан Typhoon Lagoon аквапаркы. Бұл жерде толқын биіктігі 2 м ге жететін ең үлкен толқынды бассейнде тақтайда сырғанауға болады. Gangplank Falls аттракционы балалары бар ерлі-зайыпты жұбайларға арналған. Экстримға әуесқойлар адреналин мөлшерін Crush ‘n’ Gusher деп аталатын нағыз «американдық төбешіктерде » ала алады. Табиғат әуесқойларын акулалармен және тропиктік балықтары бар «Акулий риф» дайвинг – аттракционы қызықтырады. Балалар ойын-сауығына бөлек парк жасалған, онда ересектерге кіруге болмайды.