Сайт создан 25 сентября 2012 года

Басты бет

«Аквапарк» әкімшілік –тұрмыстық спорттық–сауықтыру кешенінің төлқұжаты, Петропавл қаласы, Ю.Медведев к-сі, 41

Жұмысты тапсырушы және орындаушы: «Фирма Леонтьев» ЖШС-нің бас директоры Леонтьев Сергей Геннадьевич

Құрылыстың басталған мерзімі : 2009 жылдың мамыры

Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2012 жылдың тамызы

Бас мердігер – «Фирма Леонтьев» ЖШС

Нысанның жалпы ауданы - 8694,8 шаршы метр.

Аквапарк құрылысы облыстық мәслихат депутаты болып табылатын жеке кәсіпкер Леонтьев С.Г-тің жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды.

Жобалағанда ТМД елдері мен шетелдердің осыған ұқсас 12 нысанның тәжірибесі есепке алынды. Канада , Германия, Филиппин елдерінен АҚШ долларымен 4 миллионнан астам сомасында жоғары сапалы жабдық сатып алынды.

Аквапарк қызметінің басты бағыты: спорттық -сауықтыру. Петропавл қаласы тұрғындары мен қонақтарына жас ерекшеліктеріне қарамай саламатты өмір салтын ұстау мүмкіндік береді.

Кешен құрамына «Хамам» түрік моншасы, орыс моншасы, фин саунасы, White Water Канада фирмасының жеті су аттракционы, оның ішінде 4 ересектер аттракционы, 3 балалар аттракционы , 10 гидромассаж қондырғылары, 4 «джакузи» ваннасы, фитнес клуб, спорт залы, медициналық бөлмелер кіреді.

Аквапаркқа жоспарланған келушілер саны сағатына 1000 адам, оларды 1500 шаршы метр су беті, биіктігі 20 м 4 төбешік, 25 м спорт бассейні, солярий, SPA-салон қарсы алады. Нысанда толық саламатты демалысқа барлық жағдайлар жасалған. Келушілер дене шынықтырумен арнайы жабдықталған залда айналыса алады. Кішкентай балалар үшін тереңдігі 40 см бассейн бар, төбешіктер мен аттракциондары бар бөлек зона жасалған.

Кешенде ауаның орташа температурасы 28-31С, суды толық тазарту және сүзу әрбір үш сағат сайын жүзеге асады.

Аквапарк маңайының бүркеуі асфальтбетонды және қырлы кеспе тастар төселген, декоративті қылқанды және жапырақты ағаш түрлерімен көгалдандырылған. Аквапаркқа кіретін жерде атақты мультипликациялық кейіпкер капитан Врунгелге ескерткіш орнатылған.

Кешенде 50 адам қызмет етеді