Сайт создан 25 сентября 2012 года

«НЕПТУН» АКВАПАРКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 бөлім. Аквапарк қызметтерін пайдаланудың жалпы ережелері

1.1. Қолданыстағы электронды төлем кіру жүйесіне байланысты «Нептун» аквапаркінде болу құқығы (бұдан әрі – «Аквапарк») кіре берісте орналасқан кассаларда берілетін электронды білезікті алған тұлғаларға ғана беріледі. Білезікті өзіңізде сақтап, аквапарктің қызметкерлеріне талап еткен кезде ұсыну қажет. Білезікті жоғалтқан жағдайда оның иесі баға көрсеткішіне сәйкес айыппұл төлеуі тиіс.

1.2. Электронды білезік бассейн және аттракцион қызметтерін пайдалану үшін Аквапарк аумағына кіру билеті, жеке шкафтың кілті, сондай-ақ, Аквапарк тауарлары мен қызметтеріне төлеу құралы болып табылады. Сатып алынған тауарлар мен қызметтер жайлы барлық ақпарат электронды түрде білезікте сақталады. Аквапарк қызметтерінің құны «Аквапарк Нептун» ЖШС бас директоры бекіткен баға көрсеткішімен белгіленеді.

1.3. Кіру билетін (электронды билет) сатып ала (ала) отырып аквапаркқа келуші Аквапаркта болу ережелерін және шарттарын сақтауға келісімін береді және оларды бұзғаны үшін осы Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

1.4. Аквапаркта болу уақыты кіру билетін (электронды білезік) алған кезден бастап және оны кассаға тапсыру кезеңіне дейін есептелінеді, алғашқы қосымша уақыттың 10 минуты төленбейді. Төленген уақытты толықтай пайдаланбаған жағдайда, қалған уақыттың ақшасы қайтарылмайды.

1.5. Атракциондардың техникалық ақаулары туындаған жағдайда немесе су төбешіктерінен түсу құралдарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда Аквапаркта болу уақытының құны төмендетілмейді.

1.6. Егер аквапаркқа келуші өзі төлеген уақыттың шегінен асып кетсе, онда ол қосымша пайдаланған әр толық немесе толық емес 5 минуттың құнын белгіленген тарифке сәйкес шыға берістегі кассаға төлеуі қажет.

1.7. Аквапаркқа келушілердің Аквапарк жұмысының белгіленген уақыты шегінде ғана Аквапарк аумағында болу құқығы бар.

1.8. Аздап сырқаттанғанда немесе жарақаттанғанда аквапаркқа келуші Аквапарктің екінші қабатында орналасқан медпунктке және аквапарк қызметкерлеріне жүгінуі қажет.

1.9. Аквапарк аумағында әйел адамдар синтетикалық матадан жасалған суға түскенде киетін киімде, ал ер адамдар синентикалық арнайы киімде, 2 жасқа дейінгі кішкентай балалар арнайы су өткізбейтін іш киімде болуы қажет. Мақта матадан жасалған суға түсу киімдерінде болуға рұқсат берілмейді.

1.10. Тайғақ жолдарда жарақаттану жағдайларын болдырмау және жеке бастың тазалығын сақтау мақсатында аквапаркқа келуші Аквапаркта жүру үшін табаны резинадан жасалған аяқ киімде болуы қажет.

1.11. Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белдігі, металдан жасалған әшекейлері бар суға түсу киімдерімен, зергерлік бұйымдары бар келушілерге аттракциондарда және бассейндерде болуға рұқсат етілмейді.

1.12. Аквапаркқа келушілер бір-бірін құрметтеулері қажет және басқа келушілердің демалуына кедергі келтірмеуі қажет.

1.13. Аквапарк аумағында суретке түсуге және бейне түсірілім жасауға рұқсат етедi.

1.14. Ұрлық анықталған кезде немесе келушінің мүлігіне зақым келтірген жағдайлар анықталған уақытта келуші бірден Аквапарк қызметкерлеріне хабарлауы қажет. Аквапарк өкілдері тиісті акт жасаулары тиіс.

1.15. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және террорлық жағдайларды болдырмау мақсатында аквапаркқа келушілер тексеру үшін аквапарк қауіпсіздік қызметіне жеке заттарын көрсетуге міндетті.

1.16. Аквапарк аумағындағы орындарда есеп айырысу үшін аквапаркқа келушілер қосымша төлеу кассасында электронды білезікке алдын ала төлем енгізуі қажет. Артық ақша чекті көрсеткен жағдайда алдын ала төлем жасалған кассада қайтарылады.

1.17. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 401 бабына сәйкес «Нептун» аквапаркі көрсеткен қызметтері үшін ақшаны қайтармайды.

1.18. Білезікті алған уақытта аквапаркқа келуші осы ережемен таныс болғаны және сақтау туралы, сондай-ақ балалар үшін жауапкершілік туралы қолхатты толтыруға міндетті.

1.19. Аквапаркқа келушілер Аквапарк аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп пен тазалықты сақтау жөніндегі Аквапарк қызметкерлерінің талаптарын орындаулары тиіс.

2 бөлім. Киімжайды пайдалану ережесі

2.1. Сыртқы киім мен көшеде киетін аяқ киімді киімжайда қалдырғыныңыз жөн. Көшеде киетін аяқ киіммен аквапарк аумағына кіруге рұқсат етілмейді.

2.2. Киімжайға сыртқы киім мен аяқ киімді тапсырған соң аквапаркқа келуші берілген киімнің нөмірін алады. Оны жоғалтқан немесе зақымдағаны үшін аквапаркқа келуші баға көрсеткішіне сәйкес айыппұл төлеуі тиіс.

3 бөлім. Киім шешетін бөлме мен душқа түсетін бөлмеде болу ережесі

3.1. Турникеттен өткен соң аквапаркқа келуші киімін ауыстыру үшін кабинкалары бар ортақ шешінетін бөлмеге келіп, киімін ауыстырып, киімді жеке шкафқа салып, оны шкафтарда орналасқан нұсқаулыққа сәйкес жабуы тиіс. Ұяшықтарды ашу да нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

3.2. Білезікті жоғалтқан жағдайда шешінетін бөлмеде орналастырылған киімді сақтауға арналған автоматты шкафты Әкімшілік ашып, ол туралы акт жасалады.

3.3. Аквапарктің аква аймағына барардың алдында аквапаркқа келуші душ қабылдауы тиіс. Душқа түсетін бөлмелерде жараланып алуды болдырмау үшін шыныдан жасалған кез-келген заттарды (ыдыс, шыны ыдыстағы жуынатын және косметикалық құралдарды) пайдалануға болмайды.

4 бөлім. Аквапарктің су аттракциондары мен бассейндарында болу ережесі

4.1. Аквапарк аттракциондарын жүрек тамыр және психоневрологиялық аурулары бар, омыртқа және тірек-қимыл аппараты зақымданған, сондай-ақ, басқа да аурулары бар адамдарға пайдалануға тыйым салынады. Жүкті әйел адамдарға су төбешіктерінен сырғанап түсуге болмайды, саунаға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана барғаны жөн.

4.2. Аквапаркқа келуші су атракциондарына түспестен бұрын қауіпсіздік ережелерімен және оны пайдалану тәртібімен танысуы қажет. Қауіпсіздік ережесі және аттракциондарды пайдалану туралы қажетті ақпаратты аквапаркқа келушілер аттракциондардың пайдалануына бақылау жүргізетін Аквапарк құтқару қызметінің қызметкерінен, сондай-ақ, аттракцион аумағында орналасқан ақпараттық тақталардан алуларына болады. Әкімшілік аквапаркқа келушілердің су аттракциондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағандығының нәтижесінде туындаған жарақаттар мен зақымдары үшін жауап бермейді.

4.3. Борттан суға секіруге және сүңгуге, бір-бірін су астында ұстауға, айқайлауға, акробатикалық секіруге, су астында демін тоқтатуға тыйым салынады.

4.4. Құлағанды және жарақаттануды болдырмау мақсатында Аквапарк аумағында тез жүруге және жүгіруге тыйым салынады.

4.5. Жүзу білмейтін келушілерге су төбешіктерінен түсуге және бассейінде жүзуге тыйым салынады. Әкімшілік осы ережені бұзған жағдайда осындай келушілердің қауіпсіздігі үшін жауап бермейді.

4.6. Су төбешіктерінен ішпен жатып, баспен алға қарай немесе тұрып түсуге тыйым салынады. Аквапаркқа келуші төбешіктен аяғымен алға қарай, отырып немесе арқада жатып түсуге міндетті.

4.7. Төбешік ішінде бола отыра қозғалыс бағытын әдейі өзгертуге, қайықты қозғалтуға, қолды түсіруге т.б. тыйым салынады.

4.8. Аквапарк аттракциондары мен бассейндеріне сыртқы киімде ұзын шалбар мен қысқа щалбар, белбеуі, металдан жасалған әшекейлері бар суға түсу киіммен түсуге, сондай-ақ зергерлік бұйымдарды, көзілдірік және басқа да әшекейлерді пайдалануға тыйым салынады.

4.9. Төбешіктен түспестен бұрын аквапаркқа келуші ұсталардан ұстанып (егер олар болған жағдайда) сырғанап түсуге дайындалуы тиіс және тек Аквапарк құтқару қызметінің қызметкерінің рұқсатымен немесе бағдаршамның жасыл түсі жанған соң ғана сырғанап түсуге болады.

4.10. Төбешіктен түскен соң мүмкін болатын жарақаттардан сақтану үшін Аквапаркқа келуші лезде бассейіннен өздігінен кетуі тиіс.

4.11. Су төбешіктерінен бірден екі немесе одан да көп адамдармен арнайы қайықсыз түсуге тыйым салынады. Төбешік босаған уақытта және бұған дейінгі келуші өзінің сырғанап түсуін аяқтаған соң ғана төбешіктен сырғанап түсуге рұқсат етіледі.

4.12. Су берілместен төбешіктерден сырғанап түсуге тыйым салынады.

4.13. Төбешіктерден алкоголь немесе есірткіден мас болу жағдайында, сондай-ақ реакцияны төмендететін медициналық дәрілердің әсерінде болған адамдарға төбешіктерден түсуге тыйым салынады.

4.14. Барлық аттракциондарға өту тәртібін Аквапарк құтқару қызметінің өкілдері қадағалап тұрады. Аквапаркқа келушілер Аквапарк аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп пен тазалықты сақтауға қатысты Аквапарктің құтқарушылары мен басқа қызметкерлерінің барлық өтініштері мен талаптарын орындауға тиіс.

4.15. Аквапаркқа келушілер аттракциондарды пайдаланғаны үшін өздері жауап береді.

4.16. Аквапаркта салмағы мен бойы бойынша мынадай шектеулер бар:

- Салмағы 120 килограммнан асатын келушілерге барлық су төбешіктерінен түсуге рұқсат етілмейді.

- Бойы 120 см. төмен балалар тек балаларға арналған су төбешіктеріне жіберіліп, басқа барлық су төбешіктеріне жіберілмейді.

4.17. Балалар белгіленген тәртіпті бұзған және жоғарыда көрсетілген шектеулерді ескермеген жағдайда олармен бірге жүрген ересек адамдар олар үшін толықтай жауап береді.

5 бөлім. Саунаға бару ережесі.

5.1. Саунаға барған уақытта келушілер өзінің жеке орамалын пайдалануы тиіс.

5.2. Су мен басқа сұйықтықтарды саунаның пешіне төгуге қатаң тыйым салынады. Саунаға аэрозоль сұйықтықтарын әкелуге тыйым салынады.

Саунаны жеке бастың гигиенасын қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға рұқсат етілмейді (қырыну, жеке заттарын жуу, сыпырғышты қолдану т.б.). Бу шығаратын орын мен саунаны орамалды және жеке заттарды кептіру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Жүрек тамыр ауруларымен ауыратын адамдарға саунаға дәрігердің кеңесінен кейін ғана баруға болады.

Осыған ұқсас саунаға бару ережелері саунаға кіре берістегі бұрышта орналастырылған.

6 бөлім. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың Аквапаркта болу ережелері

6.1. Аквапарк аумағында 14 жасқа дейінгі балалар олар үшін жауап беретін тек ересектердің қарауымен ғана болуы тиіс.

6.2. 14 жасқа дейінгі балалардың Аквапаркқа тек ересектермен ғана келудің құқығы бар.

7 бөлім. Аквапарк аумағында ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

7.1. Аквапарктың аумағына (шешінетін бөлмеден асып) пакеттермен, сөмкелермен өтуге тыйым салынады.

7.2. Аквапаркқа ашық жарасы, жұқпалы, тері және басқа аурулары бар, сондай-ақ, медициналық танау бар адамдарға келуге тыйым салынады. Осы ережені бұзған аквапаркқа келушілер басқа келушілерді денсаулығына тигізгені зияны үшін толықтай жауап береді және пайда болған материалды шығындарды да өтейді.

7.3. Аквапарк аумағында арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде темекі шегуге тыйым салынады. Арнайы белгіленген орындардан басқа жерлерде темекі шеккені үшін баға көрсеткішіне сәйкес айыппұл төлеуге тиіс.

7.4. Аквапаркқа тағам мен сусындар әкелуге рұқсат етілмейді.

7.5. Акварпаркқа оқ ататын, газды, пневамтикалық және суық қаруларды, сондай-ақ жарылғыш және тез жанатын, улағыш және иісі қатты шығатын заттарды әкелуге тыйым салынады.

7.6. Аквапарк аумағында Әкімшіліктің тиісті рұқсатынсыз сауда, жарнама және басқа да коммерциялық іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

7.7. Аквапарк аумағына жануарлармен, құстармен және т.б. өтуге тыйым салынады.

7.8. Алкоголь, есірткі және басқа да заттардан мас адамдар Аквапаркқа жіберілмейді.

7.9. Кафе мен бардың шегінен тамақ пен сусындарды шығаруға тыйым салынады.

7.10. Аквапарктың кез-келген техникалық және қызметтік бөлмесіне кіруге және өздігінен кез-келген инженерлік-техникалық құрылғыны реттеуге тыйым салынады. Осындай бөлмелерге кірген келушілер осы аумақтағы олқылықтар мен апаттарға жауапты.

7.11. Аквапарк аумағында кемсітудің барлық түрлері мен ұлты, дінге сенімі, жасына, әлеуметтік жағдайы мен басқа да белгілеріне қарай сыйламау белгілеріне тыйым салынды.

7.12. Аквапаркқа арнайы балалар арналған үрлемелі кеудешелерден басқа жеке үрлемелі дөңгелектер мен жүзуге арналған басқа да арнайы құралдарды әкелуге рұқсат етілмейді.

7.13. Жарақаттануды болдырмау мақсатында шашты жайып суға түсуге тыйым салынады.

7.14. Бассейндердің тереңдігі, төбешіктер мен аттаркциондарды пайдаланудың нұсқаулығы мен ережесі туралы көрсетілімдерді елемеуге тыйым салынды ( түсінбеген жағдайда – түсінідіру үшін құтқарушыларға жүгіну қажет).

8 бөлім. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік.

8.1. Аквапаркқа кеушілердің кесірінен Аквапарк мүлігі жоғалған немесе зақымданған жағдайында келтірілген заладың құнын өтеуге, сондай-ақ, ол басқа бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап беруге міндетті.

8.2. Әкімшілік жеке заттар мен зергерлік әшекейлердің сақталуына киімжайда және жеке шкафтарда қалдырылған, сондай-ақ, қараусыз қалдырылған заттар үшін жауап бермейді.

Аквапарк қызметкерлері алкоголь, есірткіден мас, психикалық ауытқуы жағдайындағы келушілерге, сондай-ақ қызметкерлердің ескертулерін елемейтін және осы ережені сақтамайтын аквапаркқа келушілерге қарсы шаралар қолдануға құзыреті бар.

8.3. Аквапаркта болу ережесін сақтамау және басқа келушілердің демалуына кедергі жасау ешбір ақшалай өтеусіз келушіні Аквапарктан шығаруға негіз болады.

Аквапаркқа келуші ережені сақтауға келісім береді және оны бұзғаны үшін осы ережеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік аквапаркқа келушілердің осы ережені орындамау немесе тиісті орындамау нәтижесінде алынған жарақаттар мен зақымдар үшін жауап бермейді.

Аквапаркқа келушілердің аквапаркта болу ережесін бұзған және Аквапарктан мәжбүрлеп шығарылған жағдайда алдын ала төлеген қаражаттың пайдаланылмаған бөлігі

ҚАЙТАРЫЛМ АЙДЫ.